Шемонаихада мас әйел екі қызды қағып кетті
Мас әйел жаяу жүргіншілер жолағымен өтіп бара жатқан қос құрбыны 16 маусым күні қалалық стадион маңында қағып кеткен
Шемонаиханың 33 жастағы тұрғыны танысының Toyota Chaser атты көлігін рұқсатсыз алып, қала аралап, айдап кеткен. Алайда бір жерге тоқтап, артқа жүрмек болған кезде маңайда тұрған 14 және 25 жастағы қыздарды байқаламай қалай қағып кеткенін өзі де аңғармай қалған.
ШҚО ПБ баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазір әйел жүргізушіге көлік құралын рұқсатсыз мініп кету қылмысы бойынша іс қозғалуда.