Өскемен
облачно
+24°
  • Өскемен
    +24°
  • Алматы
    +17°
  • Астана
    +9°
  • Ақтөбе
    +10°
  • Актау
    +15°
  • Орал
    +12°
  • Қарағанды
    +9°
  • Көкшетау
    +6°
  • Қостанай
    +5°
  • Қызылорда
    +16°
  • Павлодар
    +8°
  • Петропавловск
    +5°
  • Тараз
    +18°
  • Туркестан
    +9°
  • Шымкент
    +19°
$
441.66
475.14
¥
61
4.86
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Қымбат Слямбеков
Ақпарат көзі:
Алдаспан

Халқы аз ауылға көш келе жатыр

Биыл Көкпекті ауданына оңтүстіктен жиырма шақты отбасы қоныс аудармақ

Жыл сайын жұмыс күші аз шығысқа оңтүстіктен азаматтар тартылатынын бұған дейін де жазып келдік.  Жалпы Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жыл басында Шығыс Қазақстан облысына 2019 жылға арналған оралман және қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасы 651 отбасыға бөлінді. Оның ішіне 195 оралман отбасы (595 адам) және 465 қоныс аударушылар отбасы (1566 адам) кіреді. Міне, осындай 15-20 отбасы Көкпекті ауданының халық аз қоныстанған Биғаш ауылына көшіп келеді деп жоспарлануда. Бұл аудан орталығынан шалғайда жатқан елді мекендерді көркейту мақсатында қолға алынған бастама.

Мәселен, өткен жылы Көкпекті ауданына Алматы облысынан 12 отбасы қоныс аударған. Оған мемлекет қазынасынан 11 миллион теңге бөлініпті.
- Оңтүстіктен көшіп келген отбасыларды баспанамен толық қамтамасыз еттік. Жұмысқа орналастырдық. Ал балаларын білім беру мекемелеріне бердік. Бүгінде қоныстандыру картасына сәйкес аталған ауылдық округтердегі сатылатын бос үйлердің саны мен бағасы, мемлекеттік мекемелердегі, жеке кәсіпкерлер мен шаруашылықтардағы бос жұмыс орындарының саны аңықталды, - дейді аудан әкімдігінің қызметкерлері.

Следующая →
Тақырыптар: ШҚО Көкпекті Қоныс