Ресейде дала өрттері өршіп тұр
Мамырдың ортасына қарай Ресей аумағының 40 мың гектардан астамы жерін өрт шалды
Барлық өрттің жартысы Сібірдің оңтүстік-шығыс аймақтарында орналасқан, деп хабарлайды МИР24.
Ең қауіпті жағдай қазіргі уақытта Закавказье және Иркутск облысында байқалады. Дегенмен, өрттер басқа аймақтардағы елді мекендерге қауіп төндіруде. Өрт себебі негізінен адами факторболып қалады. Яғни, жергілікті тұрғындар жиналған қоқыс немесе шөпті өртейді. Осыған байланысты Төтенше жағдайлар министрлігі байланыс операторларына өрттің пайда болу аймағында орналасқан болған ұялы телефондардың иелерін анықтау туралы өтінішпен жүгінді.
Енді оларды қылмыстық жауапкершілік күтуде, тек Иркутск облысында 11 іс қозғалды.