Риддерде құтқарушылар адамды тілсіз жау құрсауынан алып шықты
ШҚО ТЖД-ның алты өрт сөндірушісі 40 минут бойы бесқабатты тұрғын үйде шыққан өртпен арпалысты
Өрт таңғы алтылар шамасында Әуезов көшесіндегі бес қабатты тұрғын үйдің бірінші қабатындағы пәтерден шыққан.
Ас бөлме, жиһаз, тұрмыстық техника мен есік жақтауларын түгелдей от шарпыған. Өрт шығар жолдың барлығын жауып тастағандықтан үй иесі далаға шыға алмай қалған. Ол тормен қоршалған балконға шығуға мәжбүр болған.
Жалындап тұрған пәтерге алдымен ШҚО ТЖД газ-түтіннен қорғау қызметінің мамандары кірген. Олар жалынды сумен басып, 63 жастағы әйелді алып шыққан. Оқиға орнына жеткен жедел жәрем қызметі азаматшаны газға уланғанын анықтап, ауруханаға жеткізді.
ШҚО ТЖД баспасөз қзыметінің мәлімдеуінше, тұрғын үйден 35 адамды эвакуациялауға тура келген.
Құтқарушылар өрттің шығуына электрқұрылғыларын пайдалану немесе жөндеу кезінде өрт қауіпсіздік техникаларын сақтамау себеп болған деген болжам қарастыруда.