Өскемен қаласының әкімі өз қоластындағыларға балалар мен жасөспірімдерге арналған клубтарды жаңғыртуды тапсырды
Облыс орталығында бұндай барлығы 30 клуб бар. Қала әкімінің ойынша, олардың барлығы жаңартуды қажет етеді.
Жақсылық Омар №42 мектеп жанындаңы клубты көріп, осындай шешімге келді.
- Ондағы жаттығу залында жаттықтырушы жоқ, спорттық құралдар 70-ші жылдағы ескі, - деді қала басшысы. - Онда келгенде Кариб дағдарысындағы уақыттарға тап болғандай сезімде болдым. Комиссия құрып, қаладағы барлық жасөспірімдер-балалар клубтарын тексеріп шығу керек. Нысандардың өзін, ондағы педагогтар құрамын, материалдық-техникалық базаны тексеріп шығу керек. Тағы қандай үйірмелер қажет екенін анықтау керек.
Жақсылық Омардың айтуынша, заманауи балалар клубтарында IT-бағыттағы үйірмелер, коворкинг-орталықтар ашып, спорттық құралдарды жаңарту керек. Сонымен қатар жаттықтырушылар мен психологтарды да тартқан жөн.