ШҚО шенеуніктері тұмауға қарсы екпе алды
Буров көшесіндегі №2 қалалық ауруханада мемлекеттік қызметкерлерге вирусқа қарсы екпе салынды
Вакцинацияны қабылдағандар қатарында ШҚО Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Марат Шоранов, оның орынбасары Ильяс Мухамеджан, ШҚО әкімінің орынбасары Әсем Нүсіпова және ШҚО Қоғамдық денсаулықты қорғау департаментінің жетекшісі Ғазез Сүлейменов те бар.
- Қазақстанда осымен оныншы жыл қатарынан ЖРВИ-дің алдын алу және иммундау бойынша кампания өтіп келеді, - дейді Марат Шоранов. - Қазір күн суыта бастады. Түрлі аурудың алдын алу үшін екпе жасатқан дұрыс. Біз де жұмыс ісейтін азаматтар ретінде екпе қабылдауға міндеттіміз. Өз денсаулығымыз үшін өзіміз жауаптымыз әрі өзгелерге үлгі болуымыз керек.