Өскеменде жылыту маусымы басталды
Облыс орталығында пәтерлерге жылу беру 4-10 қазан аралығында өтеді
Алғашқы болып жылу әлеуметтік нысандарға беріледі. Апта басында барлық мектептер, балабақшалар мен медициналық мекемелер жылу қабылдауға дайын болған.
Кеше Өскеменде "Өскемен ЖЭС" ЖШС нысандары үшін жылыту маусымы ресми түрде іске қосылды.
- №3, 4, 6, 7 және 9 қазандықтарына қосылған тұрғын үйлерін жылумен жабдықтау жүйелері дайын болғандықтан ісе қосу жүзеге асырылатын болады, - деп түсіндірді "Өскемен жылу желілері" АҚ баспасөз қызметі.
10 қазанға дейін мамандар облыс орталығын жылыту жүйесіне 100% қосуды жоспарлап отыр.
Әрбір тұтынушы өз үйін жылуға қосатын күнді біле алады. Жылу энергиясын жеткізуші компанияның ресми сайтында ақпарат ұсынылған. Кесте өзгеруі мүмкін.