Өскемен
малооблачно
+19°
  • Өскемен
    +19°
  • Алматы
    +25°
  • Астана
    +18°
  • Ақтөбе
    +32°
  • Актау
    +29°
  • Орал
    +29°
  • Қарағанды
    +14°
  • Көкшетау
    +22°
  • Қостанай
    +28°
  • Қызылорда
    +32°
  • Павлодар
    +17°
  • Петропавловск
    +23°
  • Тараз
    +27°
  • Туркестан
    +26°
  • Шымкент
    +30°
$
451.77
+2.01
485.97
+2.97
¥
62.28
+0.28
5.07
+0.02
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Қымбат Слямбеков
Ақпарат көзі:
Алдаспан

Шығыс өңірінде екі балабақша салынуда

Өскеменде екі балабақша салынуда. Оның бірі биыл салынып бітсе, енді бірі келесі жылы бітеді. Қыркүйек айында Семей қаласындағы 320 балаға арналған бір балабақша ашылады

Өскеменде салынып жатқан екі балабақшаның құрылысымен де жеке кәсіпкерлер айналысып жатыр. ЖМК ауданының Өтепов көшесінде салынып жатқан, үш қабатты, 250 балаға арналған балабақшаны кәсіпкерлер желтоқсан айына дейін салып бітіреміз деп отыр. Кейін бұл әлеуметтік маңызы бар нысанды облыс әкімдігі бес жылдың ішінде сатып алатын болады. Бұған 733 млн теңге инвестиция құйылған.

- Облыс әкімшілігі жеке кәсіпкерлер балабақшаға салынған инвестицияны төрт-бес жылдың ішінде қайтаратын болады, - дейді облыс әкімі Даниал Ахметов.

Балабақшаның бірінші қабатында кіші топтағы бүлдіршіндер тәрбиеленсе, екінші қабатында орта жастағы, үшінші қабатында үлкен топтағы балалар тәрбиеленеді.

Ал салынып жатқан екінші балабақша Революционная көшесі бойында, қалалық №15 орта мектептің маңында орналасқан. Бұл мекеме де 250 балаға арналған. Әзірше нысанның іргетасы ғана қаланған. Кәсіпкерлер оны ендігі жылдың басында салып бітеміз деп отыр. Әдетте, мұндай әлеуметтік нысан сегіз айдың ішінде салынып бітуі міндетті екен.

Екі нысанды да көрген облыс басшысы Даниал Ахметовтің құрылыс жұмыстарының жоспар бойынша жүріп жатқанына көңілі толып, кәсіпкерлерге керек кезде қолдау көрсетуге дайын екендігін жеткізді.

Следующая →