Өскемен
ясно
-11°
  • Өскемен
    -11°
  • Алматы
    +5°
  • Астана
    -10°
  • Ақтөбе
    -5°
  • Актау
    +9°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -13°
  • Қостанай
    -12°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -8°
  • Петропавловск
    -13°
  • Тараз
    +7°
  • Туркестан
    -6°
  • Шымкент
    +8°
$
499.51
+0.96
525.83
+1.55
¥
68.9
+0.14
4.62
-0.13
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Газета Газета Назерке Қайролданова
Ақпарат көзі:
Алдаспан

Өз тойларында өзгеге қуаныш сыйлады

Семейлік жас жұбайлар Нұрсұлтан Назарбаев пен Алтынай Иса дүркіретіп той өткізуден бас тартып, оның орнына қаладағы балалар үйінің тәрбиеленушілеріне қуаныш сыйлау үшін мереке ұйымдастырып берді

Мемлекет басшысының семейлік аттасы мен Алтынайдың тойы өзгелерден ерекше өтті. Алтынай, тіпті, әрбір қыздың арманындағы ақ көйлек пен ақ желек киюден де бас тартқан. Тойхана мен той кортежіне (серуен) шығындалудың орнына, ресми неке қию салтанатынан кейін жас жұбайлар "Орбита" лагеріне бірден бет алды. Онда балаларға арнап тәтті дастархан жайып, аниматорлар жалдап, бірнеше сағат бойы ойын-сауық бағдарламаларын ұйымдастырды.
- Нұрсұлтан да, мен де көпбалалы, педагогтер отбасынан шыққанбыз. Жолдасым да - мұғалім. Сондықтан балаларға қуаныш сыйлайық деп шештік. Біз ең маңызды күніміздің өзгелердікіне ұқсамай өткеніне өкінбейміз. Ата-анамыз да біздің шешімімізге қарсылық танытқан жоқ, - дейді Алтынай Иса.
Нұрсұлтан мен Алтынайдың қол ұстасып, дос болып жүргендеріне 7 жылдай уақыт болған. Жастар отбасын құруға шешім қабылдаған күннен бастап салтанаты жарасқан мереке туралы армандамаған. Олар ата-ана мейірімін сезінбей өскен балаларға мереке ұйымдастыруды жөн деп тапты. Жарасымды жұп көңілді кештен бөлек, балаларға ойлау жүйелерін дамытатын ойындар, құрастырмалар мен 20-ға жуық аяқ киім сыйға тартқан екен.

- Әлеуметтік желілерде сан түрлі жағымды және жағымсыз пікірлер де болды. Біреулер "танылу" үшін деп жатса, басқа біреулер ыстық лебіздерін білдіруде. Біз, тіпті, әрекетіміз халық арасында тез тарап, бұл күн осыншалықты резонанс тудырады деп ойламадық та, - дейді қалыңдық.

Айта кетейік, бүгінде жас жұбайлар Өскемен қаласында тұрып жатыр.

Следующая →