Баланың еміне 500 мың теңге жетпей тұр
Шемонаиха тұрғыны айсұлу сәби бір жасқа толған жоқ, бірақ екі отаны еңсерді. Оның бірі, тіпті бала туылса салғаннан кейін 33 күннен соң жасалған
Туабітті патологиясы бар қыздың ата-анасы үміттерін үзбей келеді.
- Балам дүниеге келген уақытта ір ана үшін қуанышы хабар – балаңыз дін аман дегенді естідім, - деп еске алады сәбидің анасы Камила Аязбаева. - Біз ауруханадан тез шықтық, үш күннен кейін үйде болдық.
Ал үйге келгеннен кейін баланың іші қатып, кіндігі түсті. Бұған алаңдаған ата-ана дереу дәрігер шақыртқан. Балаға арнайы дәрілерді берген сайын, сәбидің хәлі нашарлай түскен.
- Қандай да бір патология барын ешкім де білмеген. Дәрігерлерге сенім артқан едік. Бірақ 20 күннен кейін де Айсұлудың жағдайы жақсармады. Ал қызымды бастан-аяқ өзім қарап шығып едім, анықтағаным жағамды ұстатты, - дейді ана.
Яғни, ана баланысың айланшығы бітеу екенін анықтаған. Осылайша, бала Ана мен бала орталығына жатқызылды. Бұл дерт сирек кездесетін патология болып шыққан. Қуанышқа орай, бұл дерттің емі бар болып шықты. Ота үш кезеңмен жасалады және қаетті процедуралары тағы бар.
- Өмірінде алғаш рет ота үстеліне түскенде қызымның туылғанына 33 күн ғана болған еді. Алайда ота ойдағыдай өтіп, көңіліміз бір жайланып қалды, - дейді Камила.
Бірақ сәуірде өткен екінші кезеңнен кейін тағы бір патология туралы белгілі болған. Диагноздар тізімінде мегауретерогидронефроз енген. Яғни, несеп жолы кемістігі анықталған.
- Дәрігерлер алдымен осы дертті емдегеннен кейін ғана алғашқы емнің үшінші кезеңіне көшу керектігін айтып отыр. Бұл ота өз қаламызда да, Астана мен Алматы қалаларында да жасалатын көрінеді. Бірақ Қазақстанда бұл ота скальпельдің көмегімен жасалады, бұл үрей тудырады, - дейді ана.
Танысы Камилаға аталмыш отаның Новосібірде тесу арқылы жасалатынын айтқан.
- Ресейдегі барлық үрдістер үшін бар-жоғы 10 күн жеткілікті, - дейді ана. - Ауруханадағы бір күннің құны 3 мың рубль, ем-домға күніне 6 мың кетеді. Жалпы 90 мың рубль (450-500 мың) шамасында қаржы қажет, - дейді ана.
Осыдан кейін оар Өскеменге келіп, басталған емді жалғастыруды жоспарлап отыр.
- Бұндағы ем тегін жүргізіледі және жергілікті дәрігерлерге деген сенім жоғары. Олар біздің жағдай мен баламмен жақсы таныс, - дейді Камила.
Науқасына қарамастан сәби белсенді әрі батыл болып өсіп келе жатқаны байқалады. Барлық қиын сәтте оның қасында қолдауы мен жылуын беретін анасы, әжесі және ағасы бар. Өмірге құштар, ақжарқын сәбидің толыққанды өмір сүруіне халықтың бірлігі көмектеспек.
Көмек көрсетуге арналған реквизиттер:
Kaspi Gold: 5169 4931 0351 0478
Halyk Bank: 4402 5735 2383 6247
Екі есепшот та Камила Аязбаеваның атына ашылған (Айсұлудың анасы)
ЖСН: 930729450604