КХДР АҚШ-тан бейбітшілік шартын талап етуде
Солтүстік Корея билігі Корей түбегінде ұзаққа созылатын бейбітшілікті орнататынына сенімді
- Соғыс біткендігі туралы келісімді елемеуге ешқандай себеп жоқ. Бұл Кореяның түбегіндегі шиеленісті жоюға және бейбітшілік орнатуға негіз қалайтын алдын ала және маңызды процесс, - деп мәлімдеді Пхеньянда.
КХДР билігі келісімге қол қою өзара сенімге ықпал етеді және әлемдік қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі келесі қадам болады деп ойлайды.
АҚШ пен КХДР басшыларының Сингапурда өткен саммитіне қарамастан, бірде-бір тарап қол жеткізілген уағдаластықтардың шарттарын орындауға асығар емес. АҚШ Солтүстік Кореяның ядролық қарусыздануын дереу талап етеді, ал өз кезегінде КХДР ядролық қарусыздану жөніндегі барлық ұсыныстардан бас тартып, санкцияларды жоюды талап етеді.