ШҚО тұрғындары арзан бағадағы көмірмен қамтамасыз етілмек
Бүгін Өскемен қаласы әкімдігі көмірді арзан бағамен жеткізу бойынша меморандумға қол қойды
Өскемен қаласы әкімдігі мен "Ауған соғысының мүгедектері және ардагерлерінің Шығыс Қазақстандық қоғамдық бірлестігі және "Қаражыра" АҚ-ның басшысы Марғұлан Мәкішевтің арасында көмір тасымалдау бойында меморандумға қол қойылды.
Ал арзан бағамен жеткізілген көмірді зейнеткерлер, көпбалалы, аз қамтылған отбасылар, бірінші және екінші топ мүгедектері, Чернобыль апатына қатысқандар, Ұлы Отан соғысы мен Ауған соғысы ардагерлері, тыл еңбеккерлері ала алады.
- 2018-2019 жылғы жылу кезеңіне арналған әлеуметтік бағадағы көмірлерді тарату жөніндегі меморандум 2 шілдеден бастап орындала бастайды, - дейді Өскемен қаласы әкімінің орынбасары Ольга Булавкина.
Ал арзан бағамен жеткізген көмірдің жалпы қоры 35 мың тонна.
Айта кету керек, қала әкімдігі мен "Қаражыра" көмір кен орны мұндай меморандумға осымен тоғызыншы рет қол қойып отыр. Биыл көмірдің бір тоннасы 8350 теңге болса, нарықтық бағасы 8800 теңге болуы мүмкін.