Шемонаихалық тұрғын азық-түлік ұрлаған
Сонымен қатар көлікжайдағы "Москвич" көлігінің қосалқы бөлшектері мен қара металды сүйменді де қолды қылған
Шемонаиханың 58 жастағы тұрғыны жергілікті полицияға барып, 8-16 маусым аралығында оның "Северный" кооперативінде орналасқан көлікжайына белгісіз біреулер түсіп, тонағанын айтқан, деп хабарлайды Устинка LIVE сайты.
Егде жастағы әженің 6 қап картобы, қыс мезігіліне дайындап қойған 40 банка азықтары, сондай-ақ, "Москвич" көлігінің қосалқы бөлшектері мен қара металды сүймені жоғалған. Ол келтірілген материалдық залалды 140 мың теңгеге бағалаған.
Полиция қызметкерлері Шемонаиханың 25 жастағы азаматын ұстаған. ШҚО ІІД баспасөз қызметі хабарлағандай, азамат ұрлаған заттарын өткізіп үлгерген. Орын алған оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды.