Өскемен
пасмурно
+10°
  • Өскемен
    +10°
  • Алматы
    +16°
  • Астана
    +4°
  • Ақтөбе
    +14°
  • Актау
    +21°
  • Орал
    +18°
  • Қарағанды
    +14°
  • Көкшетау
    +6°
  • Қостанай
    +10°
  • Қызылорда
    +25°
  • Павлодар
    +7°
  • Петропавловск
    +7°
  • Тараз
    +16°
  • Туркестан
    +12°
  • Шымкент
    +18°
$
442.05
+0.61
474.14
+1.05
¥
61.07
+0.11
4.74
-0.01
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Олеся Краскова
Ақпарат көзі:
Устинка

Өскемендегі жел бірнеше аялдаманы аударып кетті – біреуі ер адамға құлаған

Куәгерлердің айтуынша, ер адамға аялдама құлаған жерден кездейсоқ жедел жәрдем көлігі өтіп бара жатқан. Жәрдем көлігі оны ауруханаға алып кеткен

Өскемендегі қатты жел ағаштар мен аялдамаларды құлап жатыр. Ал желдің кесірінен ЖМК ауданында тұратын бір азамат өлім құша жаздады.

- Бүгін ЖМК ауданында тұрған бір аялдаманы жел құлатып кетті. Аялдамада ер адамдар жиналып тұрған. Оның бірін құлаған аялдама басып қалды. Мен күйеуім екеуіміз аялдаманың астында қалған ер адамды көтеріп шығардық. Жанымыздан өтіп бара жатқан жедел жәрдем көлігі оны алып кетті, - деп жазды өскемендік тұрғын әлеуметтік желіде.

Өскемен Тәртіп қызметкерлері аялдаманың жерге мықтап бекітілгенін, оның аударылып кетуі мүмкін еместігін айтады.

- Сондықтан адамға ауыр зиян келтіруі мүмкін емес. Құлаған аялдамалардың барлығы бүгін қалпына келтіріледі, - дейді кәсіпорынның баспасөз хатшысы Әсел Ахметжанова.


Следующая →