Өскемен
ясно
+22°
  • Өскемен
    +22°
  • Алматы
    +22°
  • Астана
    +18°
  • Ақтөбе
    +15°
  • Актау
    +16°
  • Орал
    +17°
  • Қарағанды
    +16°
  • Көкшетау
    +13°
  • Қостанай
    +9°
  • Қызылорда
    +18°
  • Павлодар
    +19°
  • Петропавловск
    +12°
  • Тараз
    +17°
  • Туркестан
    +13°
  • Шымкент
    +16°
$
443.44
480.51
¥
61.36
4.88
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Газета Газета Қымбат Слямбеков
Ақпарат көзі:
Алдаспан

Лагерьге тегін барулары керек

Аз қамтылған отбасының балалары мен жетім балалар жазғы лагерьге толығымен баруы қажет. Бармаса, олардың неліктен барғысы келмейтіндігі анықталуы тиіс

Облыстық білім басқармасының есебі бойынша, аз қамтылған отбасының балалары мен жетім балалар толықтай жазғы лагерьлерге барып, демалады. Алайда кейбір аудандарда лагерьге баратын мұндай балалардың саны аз болып шыққан. Мәселен, Тарбағатай ауданындағы балалардың 92%-ы, Риддерде 97%-ы ғана жазғы демалыстарын лагерьде өткізеді екен. Ал аудан әкімі балалардың жазғы лагерьге неге толық бармайтындығын білмейтін болып шықты. 

Білім басқармасы кейбір балалардың денсаулық жағдайына байланысты лагерьге барудан бас тартқанын айтады. 
- Білім басқармасы мен аудан әкімдігі аталған балалардың неліктен демалыс лагерьлеріне бармай жатқанын анықтауы керек. Денсаулық жағдайынан басқа да себептері болуы мүмкін. Жалпылай айта салуға болмайды, - дейді облыс әкімі Даниал Ахметов.
Одан бөлек, аймақ басшысы киелі жерлер мен мұражай, саябақтарға баратын балаларға бұл орындарға кіру тегін болуы керектігін ескертті. 

Қазіргі уақытта облыста барлығы 958 жазғы сауықтыру лагері бар. Бір жылдың ішінде жаңадан 69 лагерь ашылған екен. 
Следующая →
Тақырыптар: ШҚО Лагерь Жоладама