ШҚО-да сапасыз тауық еті сатылуда
Тексеріске алынған тауық етінің 40 пайызы Кеден одағының талаптарына сай болмай шыққан
Мұны ШҚО Қоғамдық денсаулық қорғау департаменті хабарлап отыр. Көрші мемлекеттен енген тауық еттерінің ішінен тексеріске таңдап алынғандарының 40 пайызы жарамсыз болып шыққан.
Мәселен, Ресейден келетін "Сытные" тауық сосискасының ішінен ішек құрттары табылған. Егер оны жылы жерде ұстап әрі тағамды дұрыс дайындамаса, ішек ауруына шалдығуы мүмкін.
Одан бөлек, тауық пен үйректің етін тасымалдайтын алты компанияның да өнімдерінен артық май табылған.
- Тексеріске алынған қатып жатқан еттерді еріткен кезде, 4 пайыз шамасында ылғал бөлінген, - дейді Қоғамдық денсаулықты қорғау департаменті мамандары.