Өскемен
ясно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    +3°
  • Астана
    -7°
  • Ақтөбе
    -4°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -5°
  • Көкшетау
    -8°
  • Қостанай
    -8°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -10°
  • Петропавловск
    -10°
  • Тараз
    +4°
  • Туркестан
    -5°
  • Шымкент
    +10°
$
498.55
+0.04
524.28
+1.44
¥
68.76
-0.05
4.75
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Қымбат Слямбеков
Ақпарат көзі:
Алдаспан

Құрылыс материалдары қымбаттай бастамақ

Екі аптадан соң елде құрылыс материалдары қымбаттайды. Ал әзірше баға тұрақты

Көктем шығып, күн жылынған соң, халық жаппай құрылысқа кіріседі. Бірі қыстан құрысып шыққан үйін жөндесе, бірі жаңа қоныс салмақ болады. Қыста тоқтаған құрылыс қайта басталады. Ал құрылыс саласында үй салып, жөндеу жұмыстарымен айналысып жүрген мамандар елді құлақтандырып, науқанға байланысты құрылыс заттарының қымбаттайтынын айтуда. Сондықтан құрылысқа қажетті заттарды қазірден бастап сатып ала бастаған жөн. Оның үстіне, тасқын судан зардап шеккен үйлерге де жөндеу жұмыстары жасалады. 
- Бір-екі аптадан кейін құрылыс материалдарының бағасы өсе түседі. Өткен аптада қож-блоктың (шлакоблок) данасы 112 теңгеден сатылса, қазір ол 120 теңгеге өсті. Негізінен, сұранысы көп материалдар болғандықтан, кірпіш пен цемент, газоблок пен шлакоблоктардың бағасы көтеріледі. Ал үйді салу үшін, кем дегенде, үш мың дана кірпіш керек. Кірпіштен салынған үйлер жылы келеді. Жер үй салумен айналысатын құрылыс бригадалары да  алдын ала хабарламалар таратып,  науқанға дайындалуда. Қолдан келгенше тұрғындарды құлақтандырып, бағаның өсетіндігін, материалдарды қазірден бастап сатып алу керектігін айтып жатырмыз, - дейді Дастан есімді құрылысшы.
Тағы бір құрылысшы Өскемен қаласындағы құрылыс материалдары елдің өзге қалаларымен салыстырғанда қымбат екендігін айтады. 
- Өскемен - елдің түкпірінде, шетінде, торап жолдан тыс орналасқан қала. Сол себепті де құрылыс материалдары көрші қалалар мен Ресейден келетіндіктен, бағасы біршама қымбаттау. Одан да Ресейдің өзіне барып, Барнауыл мен Новосібірден құрылыс материалдарын сатып әкелген тиімді. Екі есе ақша үнемдеуге болады. Өскемен мен Семейде де кірпіш шығарылады. Бірақ оның сапасын ешкім тексеріп, қарап жатқан жоқ. Мемлекеттік стандарт жасалмайды. Бірақ сапасы жаман дей алмаймын, десек те Ресейдің құрылыс заттары сапалырақ, - дейді Ерік есімді құрылысшы.
Егер бригада жалдамай, тұрғынның өзі жер үй салатын болса, онда ең арзан дегенде 3,5 млн теңгеге үй тұрғыза алады. Ал құрылыс бригадасының қызметін қосса, онда бұл үйді 5 млн теңгеге дейін салуға болады. 
- Бірақ қазір жергілікті құрылыс бригадаларының қызмет бағасы түсіп тұр. Себебі Тәжікстан мен Өзбекстаннан келген бауырлас ағайындар үйді әлдеқайда арзанға салып береді. Соңғы уақыттары мұндай бригадалардың саны көбейген, - дейді Ерік. 
Былтыр қызыл кірпіштердің данасы 35-37 теңгенің аралығында сатылса, биылдың өзінде бұл кірпіштер 40-44 теңгеге дейін жеткен. Бұл - ең арзандары. 

Қазіргі уақытта Өскемен қаласындағы құрылыс материалдарын сататын дүкендерде 25 келі цементтің бағасы 670 теңгеден басталады. Кейбір цементтің мөшегі 950 теңге, 1200 теңге тұрады. Ал ғаныштың (гипс) 25 келілік бір қабы 1370 теңгеден 3400 теңгеге дейін сатылуда. Гипсокартонның данасы 1500 теңгеден, тегістеуіштің бір мөшегі 1800-2200 теңгеден, сылайтын заттың мөшегі 1900 теңгеден басталады. Төсеме бояудың 10 келісі 1400 теңгеден 2500 теңгеге дейін сатылса, сыр бояудың 15 келісі 5600 теңгеге тұр. Ал кафельдердің бір шаршы метрі 1800 теңгеден сатылуда. 

Ел үкіметі бұған дейін құрылыс саласына құйылатын қаржының кеміп, бұл саладағы қарқын тоқтап қалғанын алға тартып, "7-20-25" бағдарламасын іске қосуды жоспарлап отыр. Облыстық стататистика департаменті құрылыс саласында жұмыс жасайтын азаматтардың саны 12 пайызға қысқарғанын айтады. 
- 2017 жылғы қаңтар-желтоқсанда кәсіпкерлік қызметімен айналысатын шағын кәсіпорындар қызметкерлерін қоспағанда, құрылыста жұмыс істейтіндердің саны 8,3 мың адамды құрап, 2016 жылмен салыстырғанда 12%-ға азайды, - деп мәлімдеді ШҚО Статистика департаментінің баспасөз қызметі.
"Нұрлы жер" бағдарламасы мен "7-20-25" бағдарламасы аясында құрылыс саласы жанданып, материалдарға деген сұраныс та артары сөзсіз. Оның үстіне, қалаға жиналушы жұртшылықтың қарасы мол. Үй сатып алғанға қарағанда, оны салудың шығыны әлдеқайда аз екенін білетін жұрт үй тұрғызуға бар күшін салуда. 
Следующая →
Тақырыптар: ШҚО Құрылыс Баға