Өскемен
пасмурно
-4°
  • Өскемен
    -4°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -7°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +5°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -5°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -8°
  • Петропавловск
    -7°
  • Тараз
    +3°
  • Туркестан
    +5°
  • Шымкент
    +7°
$
498.34
+3.47
519.72
-0.93
¥
68.79
+0.45
4.85
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Олеся Краскова
Ақпарат көзі:
Устинка

Ертіс өзеніне мұнай өнімі төгілген

Ғашықтар саябағы маңындағы Ертіс жағалауына мұнай төгіліп кеткен. Судағы мұнай құрамы 60 есеге артық

Экологиялық қауіпсіздік орталығының «Экологиялық патруль» нөміріне жұма күні Ғашықтар саябағы маңындағы өзен суының суретін түсіріп жіберген тұрғындар болған. Суреттен судың бетінде май қосындысы араласып кеткені көрініп тұр.

Жағдайды анықтауға барған мамандар Пермитина көшесінде орналасқан Пионер су бөгеті маңындағы өзен суын тексеру үшін сынама алып кеткен. Ал сынамаға алынған судан мұнай өнімдері әдеттегі нормадан 60 есеге, ал Пристань ауданы жағында 14 есеге артық екені анықталған.

- Судағы қалдықты тез арада сұйылтып алу үшін әрі бұған кінәлілерді анықтау үшін Өскемен қалалық полиция бөліміне хат жолданды. Тексеріс барысында қоршаған ортаға қандай шығын келгені анықталатын болады, - дейді ШҚО Экология департаментінің басшысы Дмитрий Кавригин.

Маманның айтуынша, тұрғындарға берілетін ауыз су 40 метр тереңдіктен, жерасты су көздерінен алынады, сондықтан өзен суындағы мұнай қалдығы су құбырына жіберілмейді, ол денсаулыққа әсер ете қоймайды.



Следующая →