Қала тұрғыны екі баланы өрттен алып шықты
Өрт сөндірушілер келгенше, азамат үйдегі 15 және 16 жастағы ұлдарды далаға алып шыққан
Иіс газына уланған ұлдарды жедел жәрдем қызметкерлерінің қолына табыстаған.
Өрт Ертіс көшесіндегі жер үйлердің бірінде шыққан.
Көрші үйдің тұрғынының бұл ерлігі туралы өрт сөндіру қызметі куәгерлерден естіген. Ер адам жұмбақ қалуды жөн көріп, есімінің Игорь екенін ғана айтқан.
Мамандардың айтуынша, зардап шеккен балалар өрттің шығуына өздері кінәлі. Балалар туысының үйінің кілтін ұрлап, үйде ішімдік ішкен көрінеді. Өскемен қалалық ТЖБ баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, жасөспірімдер отты абайсыз пайдаланған.
Следующая →

- Мен құтқарушы емеспін ғой. Мен тек кез келген азаматтың істеуі керек әрекетке бардым. Бұл туралы мақтан етіп, жариялаудың қажеті жоқ, - деді ол.