Экологтар кәуапханаларға байланысты өз пікірлерімен бөлісті
Экологиялық қауіпсіздік орталығының мамандары кәуапханаларды көшіріп, Өскемен қаласының экологиялық жағдайын жақсарту бойынша жоспар енгізуді ұсынады
«Өскемен қаласының экологиялық жағдайына зауыттардың түтіні емес, кәуапханалардың түтіні әсер етіп тұр» деген ақылға қонымсыз пікір өскемендіктерді таң қалдырды. Бұл пікірді Экологиялық қауіпсіздік орталығының директоры Геннадий Корешков айтқан еді. Бірақ ол өз сөзін жоққа шығарды.
Оның айтуынша, ол қала экологиясына кері әсер ететін 15 мәселені ашып көрсеткен. Оның ішінде кәсіпорын түтіндері, көліктен шығатын түтін, жер үйлерлен шығатын түтін сынды бірқатар мысалдар болған. Бірақ кейбір БАҚ өкілдері басшының тек кәуапханаларға қатысты сөзін басшылыққа алған көрінеді. Бұл ақпарат әлеуметтік желіде одан сайын желдей ескен.
Дегенмен, эжкологтардың ойынша, қазір тек қалада емес, облыстың басқа өңірлерінде де кәуапханалар көпқабатты тұрғын үйлерде немесе жапсарластырыла ашылады. Ал кәуапханалар тұрғындардың пәтерлерімен көршілес орналаспауы керек.
Следующая →