Облыстағы жүздеген оқытушылар ағылшынша сөйлемек
Бұл өзгеріс ШҚО әкімі Даниал Ахметовтің білім беру саласындағы адам капиталын жақсарту бойынша тапсырмасы аясында жүзеге аспақ
Нақты ғылымдар оқытушыларына ағылшын тілін меңгеруге тура келед.
- Біз үштілділік білімді енгізу бойынша ірі жобаны жүзеге асырамыз, - деді аймақ басшысы ҚР Президентінің халыққа Жолдауын талқылау барысында. - Біз облыстағы мұғалімдерді курстық оқытуларды жалғастырмақпыз. Биыл 200-ге жуық химия, физика, биология және информатика пәні мұғалімдерін ағылшын тіліне үйретуді көздеп отырмыз.
Даниал Кенжетайұлының айтуынша, үштілді білім беру бағдарламасын енгізу арқылы латын қарпін меңгеру жеңілдей түспек.
Біздің Telegram арнамыздағы ең маңызды нәрселер
Тақырыптар:
Английский язык Учителя в ВКО Трехъязычие в школах Послание Нурсултана Назарбаева народу Казахстана Даниал 



