Өскеменде екі ойынхана анықталды
Қала тұрғыны ойынхана жайлы қалалық прокуратураға «Азаматтарға арналған Qamqor» бағдарламасы арқылы хабар берген
Анонимді хабарлама қалалық прокуратураның желісіне келіп түскен. Мұнда Қайсенов пен Потанин көшелерінің қиылысында заңсыз ойынхананың, ойын автоматтарының орналасқанын хабарланған. Қадағалаушы орган қызметкерлері бұл нысанды тексере келе әрі ШҚО Мемлекеттік кірістер департаментімен байланыса отырып, бұл ойынхананың заңсыз екендігін анықтаған.
Жалпы, Қамқор бағдарламасы іске қосылғаннан бері мемлекеттік мекемелерге 100 шақты адам хабарласып, арыз берген екен. Тұрғындардың көбі қалалық ТҮКШ бөліміне арызданған екен, алайда арасында құқыққорғау органдарына да хабарлама жолдаған жандар болған.
«Азаматтарға арналған Qamqor» бағдарламасы – бұл мемлекеттік мекемелерге ғаламтор арқылы хабарлама жіберіп, арыздануға болатын мобильді бағдарлама. Оның ғаламтор желісінен тегін жүктеп алуға болады. Ал хабарламаға 4-5 күннің ішінде жауап келеді.