Түрік археологтары Санта-Клаустың сүйектерін тапты
Табылған сүйектер Санта Клаус атанып кеткен әулие Николай Чудотворцтың мүрдесі болуы мүмкін
Түркияның Мира қаласы маңындағы қазба жұмыстары кезінде табылған мумияға Оксфорд ғалымдары тексеріс жасай келе, бұл адамның б.з.д. 343 жылдары өмір сүргенін анықтаған. Ал бұл дата әулие Николай Чудотворц көз жұмған уақытына дәл келеді.
Николай Чудотворц немесе Әулие Николай Иса пайғамбардың (ғ.с) туған күніне орай кедей отбасыларға ақша мен сыйлық беріп, қайырымдылық жасайтын болған. Ал бұл өз кезегінде Санта Клаус туралы аңыз-әңгіменің тууына себеп болса керек.
Кейін архиепископ Николай христиандық Рождества мейрамының символына айналған. Санта-Клаус сөзінің алғашқы буыны «Санта» - әулие деген ұғымды берсе, «Клаус» Николай есімінің қысқаша формасы.