Құрылыс нысандарын қабылдауға мүгедектер де қатысатын болады
Облыстық Қоғамдқ кеңес жанындағы жұмыс тобының өкілдері осындай ұсыныс білдірді
359 әлеуметтік нысан пандустамен жабдықталса да, жеке әлеуметтік нысандардағы пандустар жай ғана қойыла салған.
- Жеке меншік нысандардың иелері мүгелектерге арналған пандустарды жай ғана орната салған, онымен арба тұрмақ, сау адамның өзі өте алмайды, - дейді ШҚО Прокуратурасының қоғам сұраныстарын қорғау басқармасының басшысы Рустам Шідердинов.
Бұл мәселенің шешімін табу үшін жұмысшы топ құрылыс нысандарын қабылдау комиссиясының құрамына мүмкіндігі шектеулі жандар да кірсін деген ұсыныс білдірді. Ал облыс прокуроры Құсайын Игембаев бұл ұсынысты қабыл алды.
Следующая →