Жүргізуші жанып жатқан автобусты сөндірді
Жүргізуші қоғамдық көлікті қыздырып жатқан уақытта көллік жана бастаған
Анықталғандай, №26 бағыттағы автобустың соляркасы қатып қалған. Осылайша, автобус бағыттан шығып кеткен.
- Екі рет автобус өшіп қалды, басында Қазақстан көшесінде, кейін «Мегастрой» дүкенінің жанында, - дейді жүргізушінің өзі. - Соляркасы қатып қалған, оны жылытуға тырыстым. Сол кезде багы жана бастады. Көмекке полиция қызметкерлері мен азаматтар келді.
45 жастағы жүргізушінің сөзіне сүйенсек, өрт шықпай тұрып қана авобусқа солярка құйып алған. Жанармайдың сапасы нашар болса керек.
Следующая →