Өскеменнің тәртіп сақшысы – тракторшы
Аузына ақ ит кіріп, көк ит шығатын азаматты көзінен ұрып 47 жасар тракторы тәртіпті келтірді
Жуықта қала ауруханасына түрлі жарақаттармен қала тұрғыны түсіп, кіреберісте шулағаны үшін Казанский көшесінің тұрғыны шабуыл жасағанын айтқан.
Ер адам қонаққа келген мас болғанын айтып, айғай-шу шығарғанының себебін ақтауға тырысты. Қала тұрғындарының бірі айқай-шуға шыдамай жаңғырықтың негізгі көзінен құтылуды көздеген. Нәтижесінде айғайлаушы түрлі жарақаттармен, көзінің асты көгеріп ауруханаға түскен.
Тәртіп сақшылары ірі кәсіпорында тракторшы болып қызмет ететін жергілікті тұрғынды ұстаған. Ол өзінің әрекетімен, қоғамдық тәртіпті бұзған қонақты жазалағанын айтқан.
Өскемен қалалық ІІБ баспасөз қызметінің хабарлауынша, оның атына ҚР ҚК 293 бабы «Бұзықтық» бойынша қылмыстық өндіріс ашылды.
Следующая →