Өскемен
пасмурно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    -2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -8°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    +2°
  • Шымкент
    +5°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Олеся Краскова
Ақпарат көзі:
Устинка

Өскемен қаласының тұрғыны баласымен бірге далада қалды

Тұрғынның үйімен қоса, бар мүлкі, құжат-қаржысы толықтай жанып кеткен

Зардап шегушілер қазір ата-анасының үйінде тұрып жатыр. Оксана есімді қала тұрғыны төртінші сынып оқитын кішкене қызымен бірге «Ертіс-1» бау-бақша қоғамдастығына қарасты шағын саяжайда тұрып жатқан. Ал сенбі күні олардың үйі де, өмірі де көкке ұшты. Сағат 11.00 шамасында саяжайда өрт болып, үйдің түгі қалмай жанып кеткен. Ал бұл уақытта үйде ешкім болмаған.

- Ол уақытта анамның үйінде қонақта болғанмын. Пештен көмірдің қалдығы құлап, содан өрт шыққан болуы керек. Үй түгелімен күйіп кетті. Баламның оқу құралдары да, тұрмыстық техника, мүлік, құжат, қаржы – барлығын өрт жалмап кетті, - дейді Оксана.

Бұл шағын ғана жанұяның қайғысы бастан асады. Жақында ғана Оксанаға күрделі операция жасалған екен. Аяққа тұрып кетерлік қаржы жоқ.

Жанұяға жылы киім, құрылыс материалдары қажет. Қандай да бір қайырымдылық жасағысы келген жан болса, Оксананың +7 705 904 83 11 телефонына хабарласуын өтінеміз. 

Следующая →