Бұқтырма су қоймасында көпір салынады
Ауқымды жоба мемлекеттік жеке меншік ынтымастық аясында жүзеге асырылмақ.Бұған Үндістан инвесторлары қаражат бөледі
«Shapoorji Pallonji Kazakhstan» компаниясының инвесторлары Күршім ауданындағы Бұқтырма су қоймасында көпір салуға ниеттеніп отыр. Компания бүгінгі таңда 50 елмен ынтымақтастық байланыс орнатқан.
- Тәжірибелеріңіз көп екен Бұл - өте маңызды. Біз сіздермен жұмыс істеуге дайынбыз, - дейді облыс әкімі Даниал Ахметов үндістандық серіктестіктермен кездесу барысында. - Бұқтырма су қоймасында көпір салу бойынша құжаттарымыз дайын және онымен таныса аласыздар. Егер еліміздің заңнамасында көрсетілген барлық жағдайлармен келіссеңіздер, жобаны жүзеге асыруға қатыса аласыздар.
Кездесу қорытындысы барысында, ШҚО әкімдігі мен "Shapoorji Pallonji Kazakhstan" компаниясының өкілдері ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Құжат бойынша Өскемен қаласындағы Виноградов көшесінен бастап көпір салу, Семейде және облыс орталығында екі аурухана құрылысын жүргізу көзделген.
Айта кету керек, жобаның құны 3704 миллиард теңгеге бағаланды. Оны жүзеге асыру мақсатында мемлекет аталған соманың бір бөлігін бөледі.