27 қазанға арналған әлемдік жаңалықтар легі
Устинка Live жаңалықтар порталы өткен түнде БАҚ назарына түскен саясат, экономика салаларындағы маңызды жаңалықтарға шолу жасады
АҚШ Ресейдің арнайы қызметкерлеріне санкция енгізуі мүмкін
АҚШ президенті Дональд Трамп әкімшілігі Ресеймен байланысты ұйымдардың тізімін Конгреске берді. Оларға қатысты жаңа санкциялар салынуы ықтимал.
Тізімге Федералды қауіпсіздік қызметі, Бас барлау басқармасы, Сыртқы барлау қызметтері кіреді.
Ұсынылған тізімнің ішінде 33 кәсіпорын бар. Оларға Рособоронэкспорт, Ростех, Калашников, МиГ, Сухой, Туполев және басқалары кіреді.
Бұған дейін АҚШ мемлекеттік хатшысы Рекс Тиллерстон санкция салынатын Ресеймен байланысты барлау және қорғаныс-өндірістік кешендері, ұйымдары мен тұлғаларының тізімдерін бекіткен.
Каталонияда автономияға уақытынан бұрын дауыс беруден бас тартты
Каталония женералитетінің басшысы Карлес Пучдемон автономия парламентін таратудан және уақытынан бұрын өңірлік сайлау өткізуден бас тартты.
Пучдемонның айтуынша, Конституцияның 155-ші бабын жүзеге асырған Мадридтің әрекеті заңсыз әрі қорлау болып табылады.
Айта кету керек, бұл бапқа орай Каталония басшылығы тегіс биліктен кетіп, билік уәкілетін Мадрид тағайындауы керек болады.
BadRabbit және Petya кибершабуылдарының арасындағы байланыс анықталды
Киберқылмыстарды тергеу және оның алдын алумен айналысатын Group-IB компаниясының мамандары BadRabbit және Petya шабуылдарын бір хакерлік ұйымның жүзеге асырғанын анықтады.
Анықталғандай, BadRabbit шабуылы NotPetya-ның жетілдірілген түрі болып табылады. Яғни, бір шабуыл екінші шабуылдың бөлшектерін қайталайды, - дейді компания жариялаған хабарландыруда.
Бұл шабуылдардың кейбір модульдері 2014 жылдың жаз мезгілінде құрылуы мүмкін. Мамандардың пікірінше, хакерлік ұйым жаңа шабуылдардың ескі құралдардың көмегімен жүргізген.
Қауіпті бағдарламалар бұзылған ғаламтор көздерінің веб-трафиктері арқылы тараған. Олардың ішінде украин және ресейлік сайттар болған.
АҚШ әскерилері 5 ай бойы қайықта қалған екі қызды құтқарды
Анықталғандай, қыздар саяхаттарын мамыр айында бастаған. Қыздар екі итін өздерімен бірге алып, Гавайдан Гаитиге дейін жетпек болған. Алайда дауыл кезінде кеме қозғалтқышы істен шығып, қатты жел ашық мұхитқа алып кеткен. Олардың көмек белгілері жағадағыларға жетпеген.
Бұзылмайтын азық түлік қоры көп болғандықтан, қыздар аштықтан аман қалған.
Американдық «Ашлэнд» десант кемесі жоғалған қайықты байқаған сәтте, ол Жапон жағалауларына жақындап қалған.
Toyota 2040 жылдары іштен жанатын қозғалтқыштан бас тартады
2040 жылдары Toyota компаниясы іштен жанатын қозғалтқыштар шығарудан бас тартуы мүмкін.
Осылайша компания Toyota автокөліктерінен бөлінетін СО2-ні 90 пайызға қысқартады.
Бұл Toyota компаниясының толықтай электрокарға көшетінінің белгісі емес. Компания жоспары – гибридті және газды қозғалтқыштарды сақтап қалу.