Зырянда мас адам өзінің досын мылтықпен атқан
Зырян ауданының тұрғыны үйде жасырып жатқан пневматикалық винтовканы алып, досына көрсетпек болған. Кейін байқамай оқ атқан
Достар арақ ішіп, мас болған. Ал біреуі үйде жатқан қаруын алып шығып, мақтанға басқан көрінеді. Алайда мылтықтың оқталып тұрғанын ұмытып, ілмекті тартып қалған. Пневматикалық қару болғандықтан, зардап шегуші ауыр жарақат ала қоймаған.
Зырян аудандық соты заңсыз қару ұстағаны үшін қылмыстық іс қозғаған. Ер адам 45380 теңге шамасында айыппұл төлеген.
Тақырыптар:
Правоохранительные органы ВКО