Алматы облысында құлаған ұшақ ісі қылмыстық тұрғыда тергелуде
Алматыға жақын маңда құлаған санитарлық ұшақ апаты бойынша соталды тергеу жұмыстары жүргізілуде
Бұл туралы Қазақстанның Бас көлік прокуратурасы хабарлады.
Ұшақтың құлауы туралы факті Алматы әуежайы Желілік ішкі істер бөлімінің бірыңғай соталды тергеу реестріне қылмыс белгілері бойынша Қылмыстық кодекстің 344 бабы 3 тармағы бойынша тіркелген. Қазіргі уақытта соталды тергеу жұмыстары жүргізілуде, - деп хабарлайды мекемеде.
Алматы-Шымкент-Алматы жолы бойынша рейске шыққан ұшақ бортында кеме командирі, екінші үшқыш, әуе технигі және дәрігер болған. Олардың барлығы қаза тапты.
Аталған әуе кемесі "EastWing" АҚ-ға тиесілі болған. Сол күні санитарлық тапсырманы «Республикалық санитарлы авиация орталығы» ШЖҚ-дағы РМК орындаған.
Следующая →
Тақырыптар:
Крушение самолета в Казахстане Крушение самолета санитарной авиации близ Алматы Судебная система в Казахстане