Өскемен
малооблачно
-13°
  • Өскемен
    -13°
  • Алматы
    +2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    +1°
  • Қарағанды
    -3°
  • Көкшетау
    -9°
  • Қостанай
    -7°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -9°
  • Тараз
    -3°
  • Туркестан
    +1°
  • Шымкент
    +3°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО
Ақпарат көзі:
Устинка

Облыс прокурорларының ойынша полиция қызметкерлері жоспарды орындау үшін халыққа айыппұл салуда

ШҚО прокуратурасының мәліметтеріне сүйенсек, облысымыз әкімшілік құқықбұзушылық жөнінен республикада үшінші орында

ШҚО-дағы кең тараған жаза түрі - айыппұл. Орын алған тәртіп бұзушылықтардың 84%-ында айыппұл салынса, ауызша тек 11%-ы шешіледі.

- Айыппұл салудың басым бөлігі жол полициясы қызметкерлерінің үлесінде – 863 мың адам, - дейді ШҚО прокуратурасының басшысы Рустам Шидердинов.

Оның айтуынша, тәртіп сақшылары осылайша жоспарлық көрсеткіштерін жабады.

- Полиция қызметкерлері көп жағдайда өз көрсеткіштерін ойлайды, - деп қосты Рустам Шидердинов. - Тіпті, кейбір жағдайда азаматтарға айыппұл салмай-ақ, түсіндіріп қана қоюға болатын мысалдар да кездеседі. Мысалы, Зырян ауданында жүргізуші бұрылысқа 28,5 метр жерден тоқтаған. Ал ЖҚЕ бойынша 30 метрге шектейін рұқсат етіледі. Бір жарым метрде тұрған ештеңе жоқ, апаттық жағдай орын алған жоқ. Сол үшін жай ғана ескерту жасап жібере слуға да болатын еді. Бірақ тәртіп сақшылары оған айыппұл салған.

Осындай мысалдар жетіп-артылады. Облыс прокурорлары осындай жағдайларды азайту үшін «Тәртіп бұзушылықсыз қала» жобасын іске қоспақ. Құзырлы мекеме жобаны қыркүйек айнан бастайды.

Следующая →