Өскемен
пасмурно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    -2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -8°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    +2°
  • Шымкент
    +5°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Алия Тенизбаева
Ақпарат көзі:
Устинка

75 жасар қала тұрғыны қаза тапқан трамвай оқиғасына кінәлілер іздестірілуде

Өскемен қалалық Қоғамдық кеңеске қатысушылар рельстік трамвайдың салдарынан үдеп кеткен жол апаттарының себеп-салдарын анықтауға тырысты

Бірнеше күні бұрын Өскеменде 75 жасар әйел трамвай астына түсіп, аяғынан айрылған болатын. Зейнеткер қайғылы оқиғадан кейін ауруханада көз жұмды.

Сот алды тергеу жұмыстары жүріп жатқан бұл іс қалалық Қоғамдық кеңестің қызу талқысына түсті.

Трамвайға байланысты қайғылы оқиға ең алғаш 2013 жылы тіркелген. Ол жылдары 5 ЖКО орын алып, бір адам көз жұмған болатын. Қалған төрт адам әр түрлі деңгейдегі дене жарақатын алған еді. 2014 ШҚО ІІД тіркеген үш оқиғаның бірінде тағы бір адам көз жұмған. Соңғы үш жыл ішінде Өскемендегі рельстік көліктен үш адам қаза тапты.

- Біздің статистика бойынша, соңғы он жыл ішінде 19 ЖКО орын алып, нәтижесінде бес адам қаза тапты, - дейді «Өскемен трамвай паркі» ЖШС бас директоры Анатолий Успенский. - Мұның ішінде тек бір жағдай үшін трамвай паркі кінәлі деп табылды. Үш жыл бұрын шынымен көліктің жаяу жүргіншіні басып кетуі орын алған.

Құқыққорғау органдары өкілдерінің айтуынша, бұл жерде негізгі айып трамвайды белгіленбеген орыннан айнылып, жолдан өтпек болған жаяу жүргіншілерге тиесілі.

Жол жүру ережесі бойынша, көлік құралынан шыққан жолаушы ең алдымен аялдамаға өтуі керек. Тек трамвай немесе автобус жүріп кеткеннен кейін ғана жаяу жүргінші жолымен өтуге тиісті. Сонымен қатар, отырыс барысында қайғылы оқиғаға алып келетін өзге де факторлар айтылды. Өскемен трамвайларында сфералық айналар жоқ. Бұл айналар жүргізуші көрмейтін өңірлерге көз жеткізуге мүмкіндік береді.

- Бұл айналарды орнатуға тырысқан едік, алайда күн сәулесіне шағылысқан айна жүргізушіге кедергі болады. Бұл туралы бірнеше рет айтылды, - дейді Анатолий Успенский. - Жүргізушінің көзі жетпейтін жер кез-келген автокөлікте болады, ал трамвайға келгенде мұндай өзгерістерді енгізу физикалық тұрғыдан мүмкін емес.

Отырыс барысында трамвайдың дыбыс белгілерінің тым еміс естілетіні туралы да ескертілді. Осыған байланысты, релстік көліктің қозғалысын қауіпсіздендіру үшін комиссия ұйымдастырып, сфералық айналардың, бейнекамералар мен өзге де құрылғылардың қаншалықты ыңғайлы екенін тексеру туралы шешім қабылданды.

Следующая →