Қазақстанда тыйым салынған ескірткі заттарының жаңа тізімі жасалуы мүмкін
Қазақстан ішкі істер министрлігі үкіметтен тыйым салынған есірткі мен психотроптық заттардың ұлттық тізімін кеңейтуді сұрап отыр
- Өзге мемлекеттер тәрізді Қазақстанға да жаңа психикалық белсенді заттардың қаптап кету қаупі туып отыр. Есірткі нарығы жаңа өнімдері жиі пайда болады. Бұл, өз кезегінде жаңа шараларды қолға алуға итермелейді. Мұндай заттардың заңсыз айналымын тоқтату үшін шұғыл шаралар жасау керек, - дейді Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов.
Министр Ұлттық тізімді жаңарту үшін Үкімет арқылы заңнамаға жаңа өзгерістер енгізу қажет екендігін жеткізді. Бұл өте ұзақ үрдіс.
- Сондықтан ұлттық тізімді кеңейту үшін үкіметтің қаулысы керек деп шештік, - дейді министр.
Соған сәйкес Қылмыстық Кодекске өзгерістен енгізіліп, қадағалау шаралары басталады.
Министр Ұлттық тізімінің 88 жаңа психикалық белсенді заттармен толығатындығын айтты.