«Нұр-Отан» мүшелері өскемендіктердің өтінішімен сенбілік өткізді
Бүгін облыс орталығының бірнеше өкілдері қаладағы екі жердің аумағын тазалап шықты
Қала төңірегін тазалайтын екі айлықтың уақыты өтіп кетсе де, облыстық «Нұр Отан» партиясы филиалы өкілдері жергілікті тұрғындардың өтінішін жауапсыз қалдырмады.
- Қоғамдық қабылдауға және депутаттыққа үміткер ретінде қалалық коммуналды қызмет жете қоймаған төңіректі абаттандыру сұрақтары қойылды, - дейді ШҚО «Нұр Отан» партиясының филиалы төрағасының орынбасары Александр Светаш. - Бастаманы көтеріп, жастар орталығымен тазалау жұмыстарына шықтық. Біз Стрелкадағы үйлердің арасы мен Мызы көшесі, 17 аулалық учаскелерін тазалаймыз. Бұл сенбіліктің көмегімен қаладағы таза, абаттандырылған орындардың санын көбейтпекпіз.
Айта кету керек, сенбілікке Өскемен қалалық Жастар орталығының мүшелері, «Тепловые сети» АҚ, «Бипэк Авто» және өзге де кәсіпорындар қатысқан.