Өскемен
ясно
-11°
  • Өскемен
    -11°
  • Алматы
    +6°
  • Астана
    -10°
  • Ақтөбе
    -7°
  • Актау
    +7°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -6°
  • Көкшетау
    -13°
  • Қостанай
    -11°
  • Қызылорда
    +5°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -18°
  • Тараз
    +9°
  • Туркестан
    -7°
  • Шымкент
    +11°
$
513
+13.49
541.16
+15.33
¥
70.75
+1.85
4.69
+0.07
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО
Ақпарат көзі:
Устинка

Семейде тамыздан бастап жол бағасы 20 теңгеге қымбаттамақ

Алайда қала тұрғындары бұл шешіммен келіспейді. Өйткені қала маршруттары мүлдем сапа мен сын көтермейді

Алдағы уақытта Семей тұрғындары жолға 60 теңгенің орнына 80 теңге төлейтін болады.

- Қазіргі уақытта қаулы қабылданды. ШҚО Әделет департаментіне тіркеуге жіберілді. Тіркелгеннен соң ресми баспада хабарлама беріледі. Жаңа тариф 1 тамыздан бастап іске қосылады, - дейді Семей әкімдігі.

Дегенмен қала тұрғындары мұнымен келіспек емес.

- Автобустар уақытында жүрмейді, іші лас. Сонымен қоймай 80 теңге сұрайды. Оның үстіне кондукторлардың мінез-құлқы оңып тұрған жоқ. Дұрыс киініп, дұрыс қызмет қылу керек емес пе? Күн ыстық болса да, қаланың халқы дәл мұндай шешініп тастап жүрген жоқ қой. Өзге қалаларда жол тарифі көтірілсе, онда автобустар да қалпына келтіріліп, кондукторлар бірыңғай киім киеді. Автобус таңнан кешке кейін дейін өз уақытында жүреді, - дейді қала тұрғыны Алия Тұманбекова.

Балалар үшін жол ақысы 40 теңге болмақ.

Ал зейнеткерлер үшін жеңілдіктер қарастырылмаған. ҰОС ардагерлеріне де ешқандай жеңілдіктер берілмейді. Тек көзі көрмейтін мүгедек жандар мен оның жанында жүретін бақылаушы адамы ғана қоғамдық көлікте тегін жүре алады.  

Следующая →