ҰБТ-да шектік балл жинай алмағандар не істейді?
ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау вице-министрі Біржан Нұрымбетов ҰБТ-дан шектік балл жинай алмағандарға көрсетілетін көмек жайында айтып берді
Біржан Нұрымбетов ұлттық бірыңғай тестілеу кезінде шектік балл жинай алмағандардың колледже тегін кәсіби білім алатындығын жеткізді.
Вице-министрдің айтуынша, мемлекет оқу ақысын толықтай өз мойнына алады. Стипендия төленеді, жатар орын мен күніне бір уақыт ыстық тамақ беріледі.
Қазіргі уақытта түлектерді қабылайтын 360 ұйым белгілі болған. Бұл ұйымдар келесі мамандықтар бойынша кәсіби білім береді: слесарь, электрик, қонақ үй қызметкерлері, газ-мұнай құбырларына қызмет етуші мамандар, сондай-ақ, тігінші, аспазшы, есепші, шаштараз, электромонтаздаушы, дәнекерлеуші.