Өскемен әкімі бейнеролик арқылы есеп берді
Бір айдың ішінде қала басшысының қандай жұмыстар атқарғанын халық әлеуметтік желіде жүктелген бейнеролик арқылы біле алады
Ютюб желісіне жүктелген бейнеесеп беруде қала әкімі бір айдың ішінде қандай жұмыстар жасағанын баяндаған.
- Өскемен қаласын қадірлейтіндерге арналады! Облыс орталығында қандай өзгерістер болды? Қаланайың қандай нысандары, автокөлік жолдары жөнделді, оны жөндеуге қандай технологияларды қолдануда? Неліктен билікпен байланыс орнату барынша жеңілдетілуде? Мұның барлығы Сіздер үшін қызықты болса әрі өзіңіздің білгіңіз келген сұраққа жауап алғыңыз келсе, Өскемен қаласының әкімі Қуат Тұмабаевтың бейнеесеп беруін көріңіздер, - делінген Өскемен қаласы әкімдігінің Фейсбуктегі парақшасында.
Айта кетейік, бұған дейін ешқандай қала әкімі халыққа дәл осындай шығармашылық жолмен - бейнеролик форматы арқылы үндеу тастаған емес.