38 неке қиюшы жұп «ЭКСПО-2017» көрмесінде фотосессия жасады
Халық арасында, әсіресе, жас жұбайлардың арасында кеңінен таралып кеткен бұл игі дәстүрге биыл 10 жыл болған
Осы жылы неке қию салтанатына 38 жұп қатысты, олардың жас мөлшері 18-ден 40-қа дейін. Шара аясында жас жұбайлар арасында сыйлықтар мен жүлделер ойнатылды, деп хабарлайды Астана әкімдігінің сайты.
Бас жүлде – Түркия мен Бурабайға жолдама және теледидар. Рәсім аспанға шарларды жіберумен, той вальсін билеумен және тәтті торттан дәм татумен жалғасын тапты.
Мерейтойлық неке қию рәсімі ЭКСПО-2017 көрмесінің өткізілуімен тұспа тұс келді. Осыған орай «Астана ЭКСПО-2017» компаниясы шараның өтуіне қолдау білдіріп, көрме аумағында жас жұбайлар үшін фотосессия ұйымдастырды.
- Егерде бұған дейін әр жұп жеке салтанатты қаласа, бүгінде бұл жерде неке қию салтанаты бәрі үшін өтеді. Көздері бақытқа толы 40 қалыңдық той көйлегін киіп, күйеужігіттердің қолынан алып, болашаққа қадам басқанын еш жерден көре алмайсың. Бұл шынымен өте әдемі, әсерлі. 10 жыл бұрын неке қиятын әр жұпқа рәсімнің қалай өтетінін түсіндіру қажет болса, бүгінде бұл қажеттеліктің керегі жоқ. Бір күнде, қала күні мерекесі қарсаңында екі жұптың неке қию рәсімі халық арасында да кеңінен танымал, - деді Астана қаласы Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы басшысының орынбасары Рыскүл Қауғабаева.
Шараға Қала күнінде 10 жыл бұрын некесін қидырған жұп қатысты.