«Шығысэнерготрейд» ЖШС қызмет көрсету орталықтарында дауыс беру батырмалары пайда болды
Дауыс беру батырмалары «Шығысэнерготрейд» ЖШС дербес қызмет көрсету орталықтарындағы сервистің сапасын арттырады
Тұтынушылар «кассадан алыстамай» энергиямен жабдықтау ұйымының қызмет көрсету деңгейін бағалай алады.
2017 жылдың мамыр айынан бастап Өскемен және Семей қалаларындағы «Шығысэнерготрейд» ЖШС дербес қызмет көрсету орталықтарында операторлардың жұмысын бағалау үшін «Дауыс беру батырмалары» жүйесі орнатылған.
Тұтынушылар энергиямен жабдықтау ұйымының жұмысын жақсарту бойынша өз ұсыныстарын дербес қызмет көрсету орталықтарында «Шағымдар мен ұсыныстар кітабында», www.shygys.kz сайтында «Кері байланыс» бөлімінде қалдыра алатынын ескертеміз.