Өскемен тұрғыны «АДК» сауда үйінен «жәндік» қосылған нан сатып алған
Нан-тоқаш өнімдері цехі нанның ішінен жәндіктің шығуы мүмкін емес, бұл қасақана әрекет деп айтып отыр
Тұрғынның сөзі бойынша, ол багет нанын 9 мамыр күні A-store гипермарткенінен сатып алған.
- Біз нанның жартысын жеп қойған едік. Аударып қарасақ, артында шыбынға ұқсас жәндіктің жабысып тұрғанын байқадық. Дүкенге барып бәрін көрсеттік. Ақшамызды қайтарып берді, тіпті, моральді шығынды да өтеп беруге келісті. Алайда маған оның еш қажеті жоқ. Жұмысшылар өз жұмысына тиянақты қараса деймін. Мұндай жағдайдың бірінші рет қана болып тұрмағанын гипермаркеттің қызметкерлері де растап отыр, - дейді қала тұрғыны.
Алайда «АДК» сауда және ойын-сауық орталығының әкімшілігі мұндай деректі теріске шығаруда.
- Әрбір дүйсенбі күні бізде санитарлы күн. Ай сайын «Дезинфектор» компаниясы нан пісіру цехінде дезинфекция жүргізеді. Ал соңғы дезинфекция 6 мамыр күні өткізілді. Шағым түсіруші азаматша да 2 күннен кейін келген. Нанның арасына шыбынның қалай еніп кеткенін білмеймін. Мүмкін мұны да біздің бәсекелестер істеп отырған шығар. Бұған дейін мұндай арыз түспеген.
Қала тұрғыны ШҚО Қоғамдық денсаулықты сақтау департаменті қалалық басқармасына да шағымданып үлгерген. Департамент мамандары 30 күннің ішінде мәселені қарастыратындығын айтқан.