Өскемен
ясно
+6°
  • Өскемен
    +6°
  • Алматы
    +10°
  • Астана
    +11°
  • Ақтөбе
    +20°
  • Актау
    +21°
  • Орал
    +24°
  • Қарағанды
    +8°
  • Көкшетау
    +11°
  • Қостанай
    +13°
  • Қызылорда
    +20°
  • Павлодар
    +7°
  • Петропавловск
    +12°
  • Тараз
    +14°
  • Туркестан
    +21°
  • Шымкент
    +17°
$
443.35
-0.87
475.54
-0.84
¥
61.18
-0.13
4.82
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Газета Газета

Бүгінгі күннің батырлары

«Отан үшін отқа түс - күймейсің» деген желеулі сөздің желпінер сәті 7 мамыр - «Отан қорғаушылар күні» де келді. Бұл күн әр мемлекеттің күнтізбесінде бекітілген. Әрине, халықтық тұрғыдан 23 ақпан аталып келсе, Республикалық тұрғыдан Қазақстанда бұл күн 7 мамыр деп бекітілген

Батырлық арнайы белгіленген күнде ғана атқарылмайды. Жылдың 365 күні де батырлыққа арналады. Батырлыққа төтенше жағдайда адамгершілік итермелесе, Отан алдындағы батырлыққа намыс итермелейді. Батырлық тек ел шетіне жау шапқан күнде ғана атқарылмайды. Батырлықты қарапайым сәттерден көруге болады. Ол жасқа, жынысқа, нәсілге, дінге, қызметке қарамайды. Осыған орай заңның бұзылмауын қадағалайтын қоғамдық тәртіп сақшыларын, заңның нақты орындалу тәртбін бақылайтын прокурорлардың ішіндегі үздіктерін ұсынамыз. Сонымен қатар, өмірде орын алған батырлық пен батырдың бейнесін ашып көрсетуге тырыстық.

                                              Үздік тәртіп сақшысы

Биыл Қазақстан полициясының құрылғанына 25 жыл толды. Қоғамдық тәртіп сақшылары ең үздік жол-патрульдік полициясы инспекторын анықтады. Бұл шара да 7 мамыр мерекесіне тұспа-тұс келгендіктен елдің күндіз күлкісін, түнде ұйқысын күзететін қызметкерлердің ішіндегі жол тәртібін бақылайтын азаматтардың үздігін ұсынуды жөн көрдік. 
- ШҚО ІІД ЖПҚ ЖППБ қызметі инспекторы, полиция офицері болып қызмет атқарамын дейді, - Жол-патрульдік полиция инспекторлары арасындағы жыл сайынғы «Үздік маман» кәсіпқойлық шеберлік жарысының жеңімпазы  Ержан Нұрахметов. - Лауазымым - аға-лейтенант. Шығыс Қазақстан облысының Лениногрск қаласында дүниеге келгенмін. Бұл қызметте жүргеніме алты жыл болды. 
Жарыстарға облыстық Жергілікті полиция қызметінің саптық бөлімшелерінің 20 өкілі қатысты. Облыстық жарысқа қатысушылар алдымен қалалық және аудандық бөліністерде іріктеуден өтті.
- Облыстық байқаудан өткен едім, - дейді Ержан Маратұлы сөзін жалғастырып. - 7 кезеңнен тұратын жарыс бағдарламасында физикалық дайындық, атыс дайындығы, заң білімі, жол жүру ережелерін білу, жылдамдыққа жүру, медициналық дайындық және жол қозғалыстарын реттеу шеберліктері сынға түсті.
«Үздік маман» байқауы тек бір орынмен шектелмейді. Полиция аға лейтенанты Ербол Даиров пен полиция лейтенаты Қуат Асубаев сәйкесінше екінші және үшінші орынды иеленді.
- 7 мамыр күніне отандастарымызға нағыз батыр болып, Отанды қорғауды әрқашан есте ұстайық деген тілек айтамын, - дейді Ержан Нұрахметов. 
Енді жарыс жеңімпазы шығыс өңірінен жол-патрульдік полиция қызметкерлері арасынан «Үздік маманды» таңдау бойынша республикалық жарысқа қатысу құқығына ие болды.



                                                  Үздік прокурор 

Сержан Нұрпейісов Өскемен қалалық прокуратурасының аға-прокуроры. Бірінші сыныпты заңгер. Прокуратура органдарында 2011 жылдан бері қызмет атқарып келеді. 2016 жылы Өскемен қаласының «Үздік прокуроры» атанған маман. 
- Өзім Оңтүстік Қазақстан облысының тумасымын. Түлкібас ауданында дүниеге келгенмін, - дейді Сержан Нұрпейісов. - Прокурор саласына өз қызығушылығыммен келген болатынмын. Прокурор заңдардың ең жоғарғы қадағалаушы органы болып табылатыны белгілі. Осы салада қызмет атқарғым келді. Сынақтардың барлығын өтіп, қазіргі күнге дейін міндеттерімді атқарып келемін. 
Прокуратура саласының өзі бірнеше қызметтерге жіктеледі. Қылмыстық, азаматтық, атқарушылық, жалпы әлеуметтік қадағалау түрлері болады. Міне, осының ішінде Сержан Қайратұлын қылмыстық жағы, сот актілерін қадағалау бөлімі қызықтырған. Бұл салада 5 жылдан артық қызмет атқарып келген. Жалпы, шыққан сот актілерін, қылмыстық істерді қарап, бақылаумен айналысады.  
- Жылдың «Үздік прокуроры» бірнеше нұсқалармен бағаланады. Біріншіден, сотта мемлекеттік айыптауды сапалы қолдау. Екіншіден, айыптау сөзін жақсылап орындау бірден бір маңызды белгі болып есептеледі. Сонымен қатар прокурордың білімі де назарда болады. Осындай сыннан өткеннен кейін 2016 жылы бөлімнің аға прокуроры лауазымын алдым. Бірінші сыныпты заңгер шеніне ие болдым.
7 мамыр мерекесіне орай Сержан Нұрпейісов «Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын. Елбасымыз айтқандай, елімізде мәңгілік бейбітшілік болсын. Алда келе жатқан Жеңіс күні де қала тұрғындарымен Республика азаматтарына құтты болсын!» деп тілек білдіреді. 

                                                         


                                         Батыр - елдің сәулеті...


Батырлық - тек жерді қорғауда емес, сол жердегі әр азаматтың өмірі үшін аянбай әрекет ету. Отан қорғаушылар күнінің қарсаңындағы айтпас батырлыққа қала тұрғындары тәнті болды. 
 Өскемендегі жас қыз Ертіс көпірінен суға секірем дегенде, қалалық № 2 Өрт сөндіру бөлімінің қызметкері бойжеткеннің өмірін өлімнен арашалап қалған. Өскемендік Виталий Бақтыбаев ағаттық жасамақ болған қызды алып шыққан. Тіпті, өзінің көлігінде орналасқан бейнетіркеу құрылғысында қыздың көпір сүйенішінен асып бара жатқан сәт жазылып қалған. 
- Ертіс өзеніндегі көпірмен өте бергенде таяныштан асып, секіруге дайын тұрған қызды байқап қалдым. Көлікті тоқтата салып, қызға қарай жүгірдім. Секірем деген сәтінде ұстап үлгердім. Дәл осы сәтте жанымнан өтіп бара жатқан көлік тоқтап, әйел адам келді. Көмектескісі келген сыңайлы. Кейін ол қызды полиция қызметкерлеріне тапсырдым, - дейді Виталий Бақтыбаев.  
Қыздың бұл әрекетке не үшін барғаны белгісіз. 
Виталий Бақтыбаев – керемет қарапайым адам. Тіпті, болған оқиғаның мән-жайын әрең білдік. Өрт сөндіру бөлімінде 17 жылдан бері аға жүргізуші қызметін атқарып келеді. Барлық керемет дүние қарапайымдылықтан тұрады. ҰОС ардагерлері де, арамызда өмір сүріп жүрген батырлар да ерлік жауапкершілігін алуға әуес емес-ті. Бәлкім, батырлықтың сыры да осындай мінезде жатқан болар.

Следующая →