Облысымыздың кішкене тұрғынына шұғыл түрде көмек керек
Тоғыз жасар Өскеменнің тұрғыны Дианаға тез арада қымбат әрі күрделі ота жасалу қажет
Ойын баласы Диананың көзіне осы жазда ерлер шалбарына арналған белдіктің темірі тиіп кеткен. Жазғы демалысын әжесімен бірге Барнауылда өткізіп жатқан қыз дереу сол жердегі ауруханаға жеткізіледі. Ота үш сағатқа созылған.
- Мен бұны ести салысымен дереу Ресейге жетіп, қызыммен 15 күн бойы ауруханада жаттым, - дейді Диананың анасы Светлана. – Ауруханадан шыққан соң бізге үш айдан кейін жіптерін суырту керектігін айтты.
Қазір қыздың жанары бұлыңғыр көреді. Болған жағдайдан кейін Диана мектепке бармайды.
Өскемендегі дәрігерлер Диананы Алматыдағы ақылы қабылдауға жіберген. Өйткені оң көзінен сол көзінің науқасы сияқты белгілер байқалады. Сол себепті алдымен науқас көзіне қайта ота жасап, көз жанарын ауыстыру керек.
- Бұл өте күрделі ота болмақ. Ал біз Алматыға барғанымызда дәрігер бұл ота баланың көзі көріп кететініне 100 пайыз кепілдік бермейтінін айтты, - дейді Диананың анасы.
Өскеменге қайтып келген Диана мен анасына емдеуші дәрігері Новосібірдегі академик Федоров атындағы ғылыми-техникалық кешенге жүгінуге кеңес берген.
- Мен ол жаққа хабарласып, жағдайды түсіндірдім. Ол жақтан екі күнде жауап келді. Жақын уақытта ота жасату мүмкін екендігін айтты, - дейді Светлана. – Оған шамамен 140 мың рубль қажет. Тағы да оңалту кезеңі бар, оған қанша қажет екені белгісіз. Жібін Өскеменде қыркүйектің соңына дейін шешуге рұқсат етті. Сосын егер қажетті қаржыны жинай алсақ, шамамен екі аптадан кейін Новосібірге бара аламыз.
Диане Леуковаға көмек көрсету үшін: АО «АТФБанк»
БИК ALMNKZKA
KZ 39826F0KZTD3046513
Карта № – 4052554006592377
ИИН – 880228400167
Леукова Светлана Вячеславовна
Следующая →