Өскемен
ясно
-12°
  • Өскемен
    -12°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -3°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    -2°
  • Қарағанды
    -4°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -10°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    -3°
  • Шымкент
    +8°
$
498.51
+0.17
522.84
+3.12
¥
68.81
+0.02
4.81
-0.04
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Оқиғалар Оқиғалар
Ақпарат көзі:
Устинка

Наталья Слекишина кімнің, қалай қысым көрсеткенін айтып берді

Сотта зорлау және азаптау фактісі бойынша қылмыстық істің қаралуы аяқталды

Сотталушы Хакимов 9 жыл колонияға отырғызылды. Бірақ топтық зорлаудың өзге қатысушылары жазадан құтылды. Наталья Слекишина мен оның заңгері Айман Умарова бұл қылмысқа қатысы бар өзгелердің де жазалануын талап етуге дайын ниеттерін білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz. Сот шешімі жарияланғаннан кейін Слекишина сотта отырған журналистерге сұхбат беруге дайын екенін айтты. Белгіленген жазаға өз әсері туралы айта кетіп, кезекті әрекеті туралы баяндады. - Қалғандарын да қылмыстық жауапкершілікке тартуға тырысамыз, өйткені ол жалғыз емес, - дейді Слекишина Колонияға қайта оралуға қорқа ма, балаларының қауіпсіздігі үшін алаңдай ма деген сұрақтарға орынды жауап қайтарды. - Өйткені СИ-18 қызметкерлерінен шынайы қысым көрсетіледі, - деп түсіндіреді Слекишина. Мұнымен қоса зорлау барысында күш көрсеткенін, аяғы ауыр болғанда соққанын жәбір көрсеткендердердің ішінде әйелдің де болғанын айтып берді. Слекишинаның сөзіне сенсек СИ-1-де заңгерден бас тарқызу үшін де ұрған. - Бас тартқаным туралы олардың айтқандары бойынша жаздым, олар факспен жіберді, барлығын көшіріп айтып бердім (ред. толықтыруы: сотта), яғни прокурордың қарапайым сұрақтарына жауап бере алмадым. Прокуратураға үлкен алғысымды білдіргім келеді, - деді зардап шегуші. Наталья Слекишина қызым көрсеткендердің аты-жөндерін атады. - Олар Омарбеков Ермек Даулетович, (ред. толықтыруы: СИ-18 бұрынғы бастық м. а.), Мукашева Жанна Болатовна, олардан маған «сәлемдемелер» жолданды, Рахман Думан келген, Манас ДУИС басшысы, - дейді Слекишина.
Следующая →