Өскемен
ясно
+9°
  • Өскемен
    +9°
  • Алматы
    +10°
  • Астана
    +13°
  • Ақтөбе
    +19°
  • Актау
    +22°
  • Орал
    +21°
  • Қарағанды
    +9°
  • Көкшетау
    +14°
  • Қостанай
    +16°
  • Қызылорда
    +17°
  • Павлодар
    +11°
  • Петропавловск
    +15°
  • Тараз
    +8°
  • Туркестан
    +22°
  • Шымкент
    +11°
$
443.35
475.54
¥
61.18
4.82
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Әлем Әлем Наталья Хижняк
Ақпарат көзі:
Устинка

27 желтоқсанға арналған таңғы жаңалықтар легі

Устинка LIVE жаңалықтар порталы саясат, экономика салаларында орын алған маңызды әлемдік оқиғаларды оқырманға ұсынуды жөн көріп отыр

Трамп алғаш рет Иракқа барды

АҚШ Президенті Д.Трамп жұбайы Меланьемен бірге Иракқа барды. Мемлекет басшысының сапары бейресми, тек америкалық сарбаздармен кездесіп, Рождество мерекесімен құттықтау үшін барған.

- Президент жұбайымен бірге біздің әскери қызметкерлермен кездесу үшін барды, - дейді Ақ үйдің ресми өкілі Сара Сандерс.

Кездесу барысында Трамп Ирактағы америкалық әскерилердің ИМ (Қазақстанда тыйым салынған) содырларына соққы жасау үшін орналастырылғанын әрі бұл елден әзірше сарбаздарды алып кетуді жоспарлап отырмағанын айтқан.


Израиль үкіметі өз-өзін таратпақ

Израиль үкіметі өз-өзін таратуға шешім қабылдады, ал парламенттің кезектен тыс сайлауы 9 сәуір күні өтпек.

Депутаттардің ортодаксальды еврейлерді әскер қатарына қабылдауға қатысты пікірлері қарама-қарсы болып, халық қалаулылары үкіметті қайта жасақтауға шешім шығарған.

Үкіметті таратуға 102 депутат дауыс берген, ал екеуі пікір білдірген жоқ. Ал 2 қаңтардан бастап сайлау алды науқаны басталады.


Камчаткада Шивелуч жанартауы оянды

Бүгін таңертең Шивелуч жанартауынан түтін бұдақтай бастаған. Жанартау теңіз деңгейінен 7 мың метр биіктікте жатыр.

KVERT деректеріне қарағанда, жанартаудан "тоқ сары" түтін шығып жатқанына қарағанда ол кез келген уақытта лава атқылауы мүмкін.


Француз зейнеткері бөшкеге отырып Атлантаны айналып шықпақ

Францияның Жан-Жак Савен есімді азаматы өлшемі үш те екі болатын бөшке дайындап жатыр.

70 жастағы зейнеткер "саяхатқа" аттанбай тұрып, AFP агенттігіне хабарласып, сенбі күні таңертең Йерро аралынан аттанатындығын айтқан.

Савеннің айтуынша, бөшкеге қозғалтқыш орнатылмаған, сондықтан "толқын қайда бұрса, сонда барамын" деп отыр.


Следующая →