Өскемен
пасмурно
-4°
  • Өскемен
    -4°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -7°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +5°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -5°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -8°
  • Петропавловск
    -7°
  • Тараз
    +3°
  • Туркестан
    +5°
  • Шымкент
    +7°
$
498.34
+3.47
519.72
-0.93
¥
68.79
+0.45
4.85
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Екатерина Скударнова
Ақпарат көзі:
Устинка

ШҚО тұрғындары қаңғыбас жануарларды өлтірудің қатал әдістеріне алаңдаулы

Жақында Риддер ауылшаруашылық жәрмеңкесінде ветеринария мамандары жиналған адамдардың көзінше үш итті ұйықтатты

Бұл жайт қоғамда екіжақты реакция тудырды - кейбір тұрғындар панасыз жануарларды аулауды қолдады, ал кейбіреулері адамдардың алдында иттерді өлтіру сияқты адамгершілікке жатпайтын әдістерге наразылық білдірді.

Содан кейін, олар бұның барлығы заң шеңберінде жасалынып жатқан жұмыстар деп, Риддер қаласының әкімдігінде журналистерге түсініктеме берді.

Бірнеше күн бұрын Жаңа Бұқтарма ауылының тұрғыны "Устинка плюс" газетінің редакциясына хабарласып, халық көп орналасқан жерде әдейі иттерді өлтіргенін айтты.

- Мен дүкенге бардым және Аялдамаға жақын тұрған бір адамды көрдім. Үлкен ит жанында айналып жүрді, - деп сол күнді еске алады Антонина. - Ауыл тұрғыны үй жануарларымен қыдырып жүр деп ойладым. Бірақ содан кейін иттің қозғалысы маған қызық көрінді. Ол бірнеше рет жерге құлап түсті. Мен әйелден итке не болғанын сұрадым. Ол қаңғыбас иттерді атып жатыр деп жауап берді.

Шығыс Қазақстан облысының ветеринария бөлімінде түсіндірілгендей, қаңғыбас жануарларды ұстауға маманданған ұйымдардың қызметкерлерінің әрекеттері бекітілген ережелерге сәйкес келеді. Сонымен қатар, иттерді қоғамдық орындарда өлтірмейді, бірақ тек ұйықтату таблеткалары егілген, содан кейін олар үш күн өткеннен кейін, жануардың иесі пайда болмаған жағдайда, оны улау арқылы өлтіреді.

Қаңғыбас иттер адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіруі мүмкін. Иттер мектептегі балалар мен малға шабуыл жасаған жағдайлар жиі кездеседі. Сондықтан Шығыс Қазақстан облысының ветеринарлық бөлімі  қаңғыбас жануарлардыжоюға уәкілетті арнайы ұйымдармен келісім жасайды.

Следующая →