4 қазанға арналған әлемдік жаңалықтар легі
Устинка Live жаңалықтар порталы өткен түні БАҚ назарына іліккен саясат, экономика және өзге де салалар төңірегіндегі ең басты оқиғалардың легін ұсынады
Фотода АҚШ бас хатшысы Майкл Помпео
Германиядағы ереуілдер: адамдар нәсілшілдікке қарсы шықты
3 қазан күні 20 мыңнан астам адам Мюнхен қаласының көшелеріне шығып, Бавария саяси курсының "айналымына" қарсы шықты, деп хабарлайды Корреспондент.net.
Жалпы ереуілшілер полиция құқықтарын кеңейтуге, нәсілшілдік пен азаматтардың құқықтарын шектеуге қарсы шықты.
Акцияны ұйымдастырушылардың арасында – шамамен 70 ұйым: партия, кәсіподақ, діни топтар мен ассоциациялар.
Полицияның берген мәліметтері бойынша, акцияға 21 мың адам қатысуда. Ал ұйымдастырушылар олардың саны 40 мыңнан кем еместігін айтады.
Грузия НАТО-мен әскери серіктестігін кеңейтпек
Грузия қорғаныс министрі Леван Изория сәрсенбіде өткен НАТО-Грузия комиссия отырысында Грузияда жаңа бірлескен дайындық орталығын жасауды ұсынды, деп мәлімдейді "Интерфаксқа" сілтеме жасаған РОСБАЛТ.
- Биыл Грузияда АҚШ-пен бірлесе жасалған әскери дайындық орталығы базасында НАТО-ға мүше басқа да елдерді де қосуға мүмкіндік туды. Ол үшін инфрақұрылым мен логистикалық қамту керек, - деп мәлімдеді Изория.
"Ержүректер клубының" жаңа бөлімі шығады
Чак Паланиктың айтуынша, ол тарихтың жаңа орамын дайындады – тағы да комикс түрінде.
Dark Horse баспасы "Ержүректер клубы -3" комиксін шығарады, деп хабарлайды life.ru. Ал сценарий авторы Чак Паланик.
Ол 2015 жылы шыққан "Ержүректер клубы" сиквелын жазған. Ал суретшісі Кэмерон Стюарт. Сюжет басты қаһарманның ұлының төңірегінде болады.
АҚШ пен Иран енді "дос" емес
АҚШ 1955 жылы бекітілген Иранмен Достық, экономикалық қатынас және консулдық құқықтар туралы келісімнен шықты. АҚШ Бас хатшысы Майк Помпео хабарлағандай, Вашингтон тіпті бірнеше ондаған жыл бұрын осы қадамға баруы керек еді, деп жазады "МИР 24" арнасы Financial Times-қа сілтеме жасап.
Помпео АҚШ Халықаралық соттың шешімімен келіспейтіндігін атап өтті.