Қазақстан жанармай экспортына салған "тыйымды" алып тастады
Қазақстан мен Ресей ТМД елдеріне қазақстандық жанармайды жеткізуге эмбаргосын алып тастау туралы келісімге және өзгерістер енгізу туралы хаттамаға қол қойды
Құжатқа Ресей Федерациясының Энергетика министрі Александр Новак пен ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев қол қойды.
Ресеймен арадағы қазіргі үкіметаралық келісімге сәйкес, Қазақстанда жеңіл мұнай өнімдерін 2019 жылдың 1 қаңтарына дейін экспорттауға тыйым салынған.
Бұған дейін Энергетика министрінің орынбасары Болат Ақшолақов айтдай, Қазақстан ЕАЭО аясында Ресеймен келісім бойынша мұнай өнімдерін импорттауға дәстүрлі түрде тыйым салуға құқылы. Сонымен қатар, Ресейдің өз жанармайын импорттауға уақытша тыйым салынса да, Қазақстан өз нарығын шамадан тыс ұстап қалмау үшін Орталық Азия елдеріне мұнай өнімдерін экспорттай алады.
"ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясының мұнай тасымалдау, қайта өңдеу және маркетинг жөніндегі басқарма төрағасының орынбасары Данияр Тиесов 2018 жылдың соңына дейін 300-400 мың тонна және 2019 жылы 1,2 миллион тонна жанармай экспортқа шығара алатынын хабарлады.