Өскемен
ясно
-12°
  • Өскемен
    -12°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -3°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    -2°
  • Қарағанды
    -4°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -10°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    -3°
  • Шымкент
    +8°
$
498.51
+0.17
522.84
+3.12
¥
68.81
+0.02
4.81
-0.04
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Әлем Әлем
Ақпарат көзі:
Устинка

20 тамызға арналған таңғы жаңалықтар легі

Устинка Live жаңалықтар порталы өткен түнде саясат, экономика сынды өзге де салалар бойынша ел назарына іліккен басты оқиғалар легін ұсынады

Рамзан Кадыров Сауд Арабиясының патшасымен кездеседі

Шешен Республикасының басшысы Рамзан Кадыров патша Салман бен Абдель Аль Сауд пен мұрагер ханзада Мұхаммед бен Салманмен кездесу үшін Сауд Арабиясына келді, деп хабарлайды Новости РАА сайты.

Шешенстан басшысын әуежайдан Джидда аймағының губернаторы, ханзада Мишал Бин Маджед Бин Абдул-Азиз Аль Сауд тосып алды. Кадыров Джиддадан Қажылық шараларын өтеу үшін Меккеге аттанды.

Кадыров алдағы кездесу Сауд Арабиясы мен Ресейдің, соның ішінде Шешенстанның арасындағы дәстүрлі достық қарым-қатынастарды нығайта түсетіндігіне сенім білдірді.

Мұсылмандардың басты сапарларының бірі – Мекке мен Мединаға қажылығы биыл 19 мен 24 тамыз аралығында өтіп жатыр. Кадыров бұған дейін Шешенстаннан биыл 2,6 мың тұрғын қажылыққа бара алатындығын хабарлаған болатын.


Ауғанстан талибтармен бітімге келді

Ауғанстан Президенті Ашраф Гани жексенбі күні Құрбан айт мейрамының құрметіне "Талибан" радикалды қозғалысымен арадағы соғысты уақытша тоқтату режімін енгізгенін мәлімдеді, деп хабарлайды Корреспондент.net.

- Біз ертеңнен бастап, Арафат күнінен Пайғамбардың туған күніне дейін, күшіне енетін ұрысты тоқтату режімін енгізгенімізді мәлімдейміз. Тек талибандар да оң жауап берер деген шартпен, - деп жазды Гани Twitter-дегі парақшасында. - "Талибандардың" басшылығын ауғандардың бейбіт келісімге келу туралы бастамасына оң көзқарас танытуға шақырамыз. Біз оларды ислам құндылықтары мен қағидалары негізінде бейбіт келдіссөзге дайындалуға шақырамыз.

Испанияда диктатор Франконың сүйегін эксгумациялайды

Диктатор Франсиско Франконың сүйегін қайта жерлеу үшін эксгумациялайды. Испания билігі ол үшін қажетті үрдістерді 24 тамызда Министрлер кеңесі отырысының демалысынан кейін бастамақ

Нақты датасы әлі аталмады, деп хабарлайды РОСБАЛТ КОТА-ға сілтеме жасап.

Қазіргі уақытта Франконың мәйіті Мадрид жанындағы "Құрбандар алабы" монументалды кешеніндегі мазарында. Ол қайта қацда жерленетіні белгісіз, оны ұрпағы анықтайды.

Испания сүйекті көшіру туралы шешімді ағымдағы жылдың маусымында мәлімдеген. Ал бұған дейінгі Мариано Рахоя үкіметі бұл іспен айналысудан бас тартты.

Франсиско Франконың (1892-1975) билігі 46 жылға жалғасты.

Канада премьер-министрі президент болуға тырысады

Джастин Трюдо өзінің "фейсбуктегі" парақшасында 2019 жылғы парламенттік сайлауға қатысуға ниетті екенін хабарлады, деп жазады life.ru.

- Біз 2015 жылдан бастап көп дүниеге қолжеткіздік. Бірақ әлі де тынбай тер төгіп, бірге жұмыс істеу керек. Сонымен, 2019 жылғы сайлауда Канада Либералды партиясы атынан кандидаттығымды ұсынуға дайынмын, - деп жазды Трюдо.

Канаданың парламенттік сайлауы 2019 жылдың қазан айында өтеді.

Следующая →