Өскемен
пасмурно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    -2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -8°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    +2°
  • Шымкент
    +5°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Әлем Әлем
Ақпарат көзі:
Устинка

22 ақпанға арналған әлемдік жаңалықтар легі

Устинка Live жаңалықтар порталы өткен түнде БАҚ назарына түскен саясат, экономика салаларындағы маңызды жаңалықтарға шолу жасады

Сербия Ресейге қарсы санкция енгізуден бас тартты

Бұл туралы ел президенті Александр Вучич РФ СІМ басшысы Сергей Лавровпен кездесу барысында айтты, деп хабарлайды Корреспондент.net.

- Сербия Ресей Федерациясына қатысты саясатын өзгертпейді... Мен бұған дейін Вашингтонда да, Мәскеуде және Брюсселде де Сербияның РФ-ға санкция жарияламайтынын, Ресейге зиян келтірерлік әрекетке бармайтынын айтқанмын. Ал Ресей Сербияға зиян келтірмейді, - дейді серб президенті.

Бұған дейін Сербияның сыртқы істер министрі Ивица Дачич Белградтың Ресейге қарсы санкцияны қолдамайтынын айтқан.


Нигерияда әскери қызметкерлер тұтқынға түскен 76 оқушыны құтқарды

Радикалдар елдің солтүстік шығысында орналасқан Дапчи ауылына шабуыл жасаған. Олар жастары 11-ден асатын жүздеген қызды тұтқынға алады. Екі күн өткен соң, олар Борно және Йобе штатының шекарасындағы қаладан анықталды, деп хабарлайды РОСБАЛТ.

Әскери қызметкерлерге бұл туралы біреулер хабарласып айтқан. Олар ақпаратты тексереді. Операция нәтижесінде нигериялық әскер 76 оқушыны анықтап, екі адамның мәйітін анықтаған.

Нигерияның солтүстігі мен солтүстік шығысында әрекет ететін исламдық террористік "Боко Харам" ұйымының әрекетіне көптеген елдерде тыйым салынған.


Мексикада паром жарылды

Мексикалық Плайя-дель-Кармен қаласының кемежайындағы туристік паромда жарылыс болды, деп хабарлайды РИА Новости.

Жарылыс нәтижесінде 13 адам зардап шекті.

- Паром Косумель мен Плайей аралдарын байланыстырады. Жараланғандардың ішінде үш АҚШ азаматы бар, - дейді Ресей консулы Армина Вольперт.

Жарылыс себебі анықталған жоқ. Бірақ ол техникалық ақаудан орын алды деген болжам бар.


Терроризмді үгіттеген Испания рэпері үш жылға түрмеге қамалды

Испанияның Ұлттық сот палатасы рэпер Valtonyc-ті үш жарым жылға түрмеге қамау туралы үкім шығарды. Бұл шешімді елдің Жоғарғы соты да қолдады, деп хабарлайды El Pais.

Хосеп Микель Аренас Бельтран өз әндерінде Испанияның бұрынғы королі Хуан Карлосты жанұясымен бірге балағаттаған. Мұнымен қоса, ол террористік ұйымдарды қолдайтынын білдіріп, танымал саясаткерлерге сес көрсеткен. Сот оны тек терроризмді жақтағаны үшін емес, теракт құрбандарын қорлап, монархияға тіл тигізіп, сес көрсеткені үшін кінәлі деп тапты.

Рэперді қорғаушы заңгер Хуан Мануэль Оларьета рэптің қылмыс еместігін айтып отыр. Ал бұл музыкалық бағыттың тілі – арандатушы және аллегориялық болып табылады. Сондықтан Испанияның Конституциялық сотында "шығармашылық еркіндік пен тіл бостандығын" қорғамақ.


Ресей халықаралық олимпиада комитетіне 15 миллион доллар төледі

Аталған сома жаһандық допингке қарсы жүйені дамытуға бағытталады, деп хабарлайды РИА Новости.

Пхенчхандағы Олимпиада ойындарының жабылу салтанатына дейін ресейлік ұйымның мүшелігін сақтап қалу үшін ХОК бұл соманы басты талап ретінде айтып отыр. Егер Ресей Олимпиада комитеті ХОК талаптарын орындаса, ресейлік құрама Ойындардың жабылу салтанатына Ресей туын алып шығады.

Жағдайды тек ресейлік керлингист Александр Крушельницкийдің оқиғасы ушықтыруы мүмкін. Олимпиада барысында оның допинг қолданғаны екі рет расталды. Оның ісі 22 ақпан күні халықаралық спорт арбитражының отырысында қаралады.

Следующая →